Ресей ғалымдары Еуразия тарихындағы Қазақ хандығының рөлін атап өтті

Бөлісіңіз

Орал қаласының әкімдігі және «Ақжол» ғылым және білім қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Қала күнін мерекелеу аясында өткен халықаралық маңызға ие шараға қала әкімі Алтай Көлгінов қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Алтай Сейдірұлы Қазақ хандығының 550 жылдығының кең ауқымда тойлануы ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі дей келіп, еліміздің егемендікке қол жеткізіп, өзге дербес мемлекеттермен тереземіз тең болуына себепкер қазақ мемлекетінің берік іргетасын қалыптастырған ұлы хандарымыздың есімін өшірмей кейінгі ұрпаққа ұлықтау – баршамызға парыз екенін, Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында күні кеше Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына орайлас есте қаларлық тарихи шара өткенін атап өтті.

Басқосуда қазақ хандығының қалыптасуы, маңызы, Еуразия тарихындағы қазақ хандығының орны және рөлі, Қазақ хандығының қалыптасуына өз үлестерін қосқан тарихи тұлғалардың елі үшін сіңірген еңбектері кеңінен сөз болды. Тақырып аясында РФ РҒА корреспондент мүшесі, география ғылымдарының докторы, профессор А.Чибилев, тарих ғылымдарының докторы, ресейлік ғалым Э.Зиливинскаялар тамыры терең Қазақ мемлекетінің өткені мен бүгіні хақында мазмұнды баяндама жасады. Алтай Сейдірұлы келген қонақтарға көне Оралға сапарынан естелік ретінде мерекелік медальдар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Қазақ жұртының халық болып қалыптасуына маңыз берген, жүгі салмақты жиынды М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, соғыс және еңбек ардагері Қалам Сүйінішәлиев қорытындылады, деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.«www.bnews.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *