Атырау облысының экс-әкімінің кандидатурасы Мәжіліс төрағасы қызметіне ұсынылды

Бөлісіңіз

Атырау облысының экс-әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кандидатурасы Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне ұсынылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің толық жиналысында депутаттар спикерді сайлайды. Жиын VI шақырылымындағы Парламент палаталарының біріккен жиналысынан кейін басталды.

Қазақстан Президенті VI шақырылымындағы Парламенттің міндеттерін айтқан еді. «VI шақырылымдағы Парламенттің алдында алдағы заңнама жұмысы бойынша бірқатар маңызды міндет тұр. Бірыңғай салық және кеден кодексін қабылдау керек, ол барлық қаржы құрылымындағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Екіншіден, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексте осы саладағы барлық қатынасты реттейтін барлық нормалар болады. Үшіншіден, энергия берушу ұйымдардың іріленуі процесі үшін энергетика мәселелері бойынша қазіргі заңнамаға өзгерістер жасау қажет. Төртіншіден, антимонополиялық салалардың реформациясының екінші кезеңінің аясында бәсекелестік бойынша заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Заңнаманың мемлекет функцияларын бәсекелес ортаға беру бөлігін жаңарту қажет», — деді Назарбаев.

Сонымен өатар, Мемлекет басшысы жаңа жағдайда Парламенттің және оның әр палатасының жалпысаяси ролі мен жауапкершілігінің артатынын атап өтті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *