Актер Асылхан Төлеповті желі қолданушылары депутаттық мандатымен құттықтап жатыр

Бөлісіңіз

Өнердегі әріптестері мен әлеуметтік желі қолданушылары актер Асылхан Төлеповті мәслихат депутаты атануымен құттықтап жатыр. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаттығына «Нұр Отан» партиясының атынан үміткер ретінде тіркелген еді.

«Құтты болсын депутаттығыңыз, Асылхан! Шын жүректен қуанып отырмын. 23 жаста осындай жетістіктерге жету əркімнің қолынан келе бермейді! Өте қуаныштымын, енді халыққа адал қызмет етіп, барлық айтылған сындарға өздері ұялатындай жауап қайтарыңыз!», — деп жазды желі қолданушысының бірі.

Асылханның тағы бір көрермені өз тілегін былай деп жеткізді.

«Асылхан аға депутаттығыңыз құтты болсын! Алда Наурызбай ауданының тұрғындары сізге дауыс бергеніне мақтан тұтатындай биiк белестерден көріңіз, сізге табыс тілеймін! «Нұр Отан алға! Асылхан аға алға! Сізбен бірге Наурызбай ауданы көркейетініне сенімдімін», — деп жазды guldanasaparaly есімді қолданушы.

«Құтты болсын! Халқының қамын ойлайтын депутат бол. Жас болсаң да, бас бола біл. Өзің ойнаған Жау жүрек мың баладағыдай», — деп жазды тағы бір қолданушы.

Актерге өнердегі әріптестері де құттықтауларын жаудырып жатыр. Олардың арасында әнші Нұржан Керменбаев та бар.

«Асылхан Төлепов бауырымызды жеңісімен құттықтап қояйық Қазақ елі!», — деп жазды әнші өзінің желідегі парақшасына

Еске сала кетсек, 20 наурыз күні елімізде кезектен тыс мәжіліс сайлауы өтіп, додада «Нұр Отан» партиясы жеңіске жеткен еді.

Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *