Ақтөбеліктердің банктік салымдары екі есеге артты

Бөлісіңіз

 

Бұл туралы Ақтөбе облысында іс сапармен жүрген Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, өткен жылы Ақтөбе облысының банктердегі депозиттерінің көлемі 56%-ға артып, 390 млрд. теңгеге жетті. Заңды тұлғалардың салымдары 83,2%-ға артып, 208 млрд. теңгеге жетті, жеке тұлғалардың салымдары 33,4%-ға артып, 181,6 млрд. теңгеге жетті.

Өз кезегінде, жалпы несиелендіру көлемі өткен жылы 12,1%-ға артып, 327 млрд. теңгені құрады.

Өз баяндамасында Данияр Ақышев қазақстандықтардың көбіне теңгелік депозиттерді таңдайтынын жеткізді.

1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің жеке тұлғалардың теңге бойынша депозиттерінің ең жоғарғы ставка мөлшері 10%-дан 14%-ға дейін көбейтілгені, ал шетел валютасындағы депозиттерінің 3%-дан 2%-ға төмендетілгені белгілі.

— Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ақпан айының қорытындысы бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің 300 млрд теңгеге өсімін байқап отырмыз. Болашақта депозиттердің валюталық құрылымы айтарлықтай өзгеріп, несиелендіру үшін ликвидтілігін айтарлықтай кеңейтеді, — деп атап өтті Данияр Ақышев.

Ұлттық банк болжамына қарағанда, 2016 жылдың наурыз айында халықтың теңгедегі депозиттері арта түсуі мүмкін.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *