Кепілдік алған кәсіпкерлер саны 5 есеге артты

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы ауылдық кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып отыр.

2015 жылдың 11 қаңтар күні «Даму» КДҚ» АҚ АФ-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2015 жылдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Пресс-конференцияға Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Тлегенов Бағжан Нуруллаевич, «Даму» Қоры Ақтөбе филиалының директоры Мурзагалеев Жедельбек Наримаевич, облыс кәсіпкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
2015 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша бизнесті несиелеу қарқынды дамыды.
Айтарлық жағдай – 2015 жылы ауыл кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының кепілдендіру және субсидиялау секілді құралдарын белсенді пайдаланды.

Мысалы 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 129 кәсіпкер субсидияланса, соның 28-і ауылда, 2015 жылы 135 кәсіпкер субсидияланса, соның 48-і ауылдық аймақтарда орналасқан.
2014 жылға қарағанда кепілдік алған ауыл кәсіпкерлердің саны 5 есе артты. Егер 2014 жылы облыс бойынша 32 жоба кепілдеме мақұлданса, соның 7-і ауылда, ал 2015 жылы облыс бойынша барлығы 79 кепілдендіруге мақұлданған жобалардың 34-і ауылдарда орналасқан.

Мемлекеттік бағдарлама туралы облыс аумағында кең түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанында ашылған жылжымалы кәсіпкерлікті қолдау орталығының арқасында болып отыр.
2015 жылы кепілдендіру бойынша мақұлданған стартап жобалары 3 есе артты. 2014 жылы 7 стартап жобасының кепілдемесі мақұлданса, 2015 жылы бұл көрсеткіштің саны 21 жобаға жетті.

Өндіріс бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында жалпы сомасы 6,6 млрд. тенге құрайтын 71 жобаға қолдау көрсетілді.
Даму қорының өкілдері 2016 жылы ауыл кәсіпкерлігінің көрсеткіштері әрі қарай дами түседі, деп үміттенуде. Бұған 2015 жылы облыстық әкімшілікпен Даму қорының арасында қол қойылған жас кәсіпкерлерді, ауылдағы кіші және орта бизнесті қолдауға бағытталған жалпы сомасы 900 млн. тенге құрайтын меморандумдар себеп.

Самал Ендібаева

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *