АҚШ-та өз ұлдарын аштан қатырған ата-ана 40 жылға сотталды — TILSHI.KZ

АҚШ-та өз ұлдарын аштан қатырған ата-ана 40 жылға сотталды

Бөлісіңіз

Ақтөбе. 17 желтоқсан. TILSHI.KZ — Пенсильвания штатында Харрисбург соты ерлі-зайыпты Джарред пен Кимберли Таткоға өз ұлдарын аштан өлтіргені үшін үкім шығарды, деп хабарлады inform.kz.

Сот шешімі бойынша 39 жастағы Джарред Татко 42 жылға сотталды, ал оның 40 жастағы әйелі Кимберли темір торда 40 жылын өткізеді.

Сотта ерлі-зайыптылар өз айыптарын толықтай мойындады. Олар аутизммен ауыратын 9 жастағы ұлдарын ұзақ уақыт бойы саналы түрде аш ұстаған. Оны жеке бөлмеде қамап ұстаған. Айыптау тарабы баланың өлер сәтінде салмағы небары сегіз келі болғанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *