Қазақстанда қыруар қаржы тағы да мақсатына жұмсалмай қалды — TILSHI.KZ

Қазақстанда қыруар қаржы тағы да мақсатына жұмсалмай қалды

Бөлісіңіз

Елімізде қыруар қаржы тағы мақсатына жұмсалмай қалды. Есеп комитеті көлік саласына бөлінген 540 миллиард теңгенің 200 миллиардқа жуығын шенеуніктердің талан-таражға салғанын анықтаған.

Қолда бар ақшаны ұқсата алмаған атқамінерлер қазір тергеушілерге жауап беруде, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қулығына құрық бойламайтын шенеуніктер аймақтағы тас жолдың құнын әртүрлі белгілеген. Мәселен, Павлодарда бір шақырым жол 393 миллион болса, Астана-Алматы тас жолы 1 миллиард 100 миллионға салынған.

Мұндай айырмашалық тексерушілердің таңданысын туғызып отыр. Тіпті лауазымды 3 шенді жауапқа тартылған. Тағы бірнеше іс тергеліп жатыр. Соған қарағанда бюджет миллиардттарының игерілмеуінің тағы шулы қылмыстық істерге түрткі болуы ғажап емес.

Ал Астанадағы әуежай мен темір жол арасында қатынайтын жүрдек автобустарға арналған жол мүлдем салынбайтын болды. Үкімет бұл жобадан бас тартыпты.

Елорда әкімдігі құрылысқа бөлінген 9 жарым миллиард теңгені мердігер компаниядан желтоқсанның соңына дейін қайтарып алмақ.

Сондай-ақ, жарнамасы жер жарған халықаралық «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізі де тағы уақытылы аяқталмай қалуы мүмкін.

“Халықаралық Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі бұған дейін де талай рет кейінге қалдырылған болатын. Оның құрылысы 2012 жылы аяқталуs керек еді. Бұдан кейін мерзімі үш рет ауысты. Енді 2016 жылы да кешігуі мүмкін. Өйткені, Алматы-Кермес бағытындағы 32 шақырым жолдың құрылысы аяқталмаған”, – дейді Есеп комитетінің мүшесі Александр Горянинов.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *