Ақтөбеде 139 отбасы қоныс тойын тойлады

Бөлісіңіз

26 қараша. Tilshi.kz  —  Бүгін «Кең дала» және «Алтын дала» тұрғын үй кешендерінде 139 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев қатысты. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жыл соңына дейін Ақтөбе қаласында жалпы алаңы 30,6 шаршы метр болатын 469 пәтер салынып, тұрғындарға берілетін болады.

Тұрғын үйлер негізінен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасыларға, ббюджетті кұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерне, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлерге беріледі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, 10 айда өңірде 353 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 150 мың шаршы метр тұрғын үй қолдануға беріледі.

1 шаршы метрі үшін жалдау құны 923 теңге. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдың жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша қалған ай сайынғы жалдау төлемдеріне тең келетін сомаға сатып алуға болады.

Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар қалаларында ауданы 249 мың шаршы метр болатын 4301 пәтер берілді. Жыл соңына дейін 2,8 мың пәтердің кілті табыс етіледі.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, кезекте тұрғындардың тізімі жергілікті атқарушы органдарымен іріктеледі және олардың тізімі төлем қабілеттілігін анықтау үшін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясына» жіберілетін болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *