Жыл соңына дейін Ақтөбе облысында 4 700-ге жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі — Б.Сапарбаев

Бөлісіңіз

Жыл соңына дейін Ақтөбе облысындағы 4 700 отбасы баспанамен қамтылады, деп мәлімдеді Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Тұрғын үй құрылысы бойынша: бүгінгі таңда біз 344 060 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш кем дегенде 476 мың шаршы метр болады. Нәтижесінде біз шамамен 4 700 отбасыны пәтермен қамтамасыз етеміз», — деді ол бүгін ОКҚ брифингінде.
«…коммерциялық тұрғын үйді дамыту деп есептейміз. Өз бизнесмендерімізбен сөйлестік, олар келісімдерін білдірді, біз енді осыны қолға аламыз», — деп толықтырды Б.Сапарбаев.
Сонымен қатар, облыстың ТКШ саласындағы мәселелерге тоқталған әкім «мұнда, еліміздің басқа өңірлеріндегідей басты мәселе желілердің тозуы болып отыр» деді.
фото: www.hcsbk.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *