Астанадағы Білім Орда қоры басшысы оқушыларының жүздеген медаль алу құпиясымен бөлісті

Бөлісіңіз

Білім инновация лицейлерімен тығыз жұмыс істейтін Білім Орда қорының жетекшісі жыл сайын жүздеген медаль алып жүрген оқушыларының білім додаларына дайындалу барысымен бөлісті, деп хабарлайды «Тілші».

«Өзге мектептерде балалар жарты күн оқыса, бізде оқушылар толық күн оқиды. Мектептердің логотипінде екі қанаттың бейнеленуі тегін емес. Бір қанаты білімді білдірсе, екіншісі тәрбиені меңзейді. Баланы оқытып қана қоймай, тәрбиелеп отыру керек. Сондықтан олар жатақханаларда жатады. Баламен бірге сабақ оқу керек», — дейді Білім Орда қорының президенті Дарханбек Қожабеков.

Ол үшін, қор жетекшісінің пайымынша, балаларға жағдай жасалу керек.

«Елбасы жастарға сенім артып, биылғы жылды жастар жылы деп жариялап жатыр. Жастарға жағдай жасалу керек. Бұл ретте, біз өз тарапымыздан оқушыларымызға көп мүмкіндік беріп жатқанымызды мақтанышпен айта аламын», — деген ол бүгінде дәріс оқып жатқан ұстаздарының басым бөлігі — 70 пайызы жастар екенін тілге тиек етті.

Білім Орда қоры болашақ педагогтарды 3-4 курс студенттері арасынан іріктейтінін де жасырмады. Олардың біліктіліктерін арттырып, мұғалімдікке даярлай бастайды.

«Егер педагог жас болса, оқушыларға да ыңғайлы. Жас аралықтары шамалы болғандықтан, сабақты түсіндіру жағы да оңай. Оның үстіне, жас мамандар жаңашылдықтарға бейім келеді. Тіл үйренуге де икемді», — дейді Қожабеков.  

Айта кетейік, Білім инновация лицейлері Қазақстанда жұмыс істеген 27 жылда білім сайыстарында 20 мыңнан астам медаль еншілеген екен. Пәндік олимпиадаларда соңғы жылдары 900-ға жуық медальдан тағып келеді. Ондағы алтын, күміс және қола медальдардың үлесі шамалас келеді.

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *