Атырауда темекі тұқылын көшеге тастағаны үшін ер адам 19 820 теңге айыппұл төледі

Бөлісіңіз

Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотта ұсақ бұзақылық жасаған  Иран Республикасының тумасы, Қазақстан Республикасының азаматы М. Әбдімәлікұлына қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Сотта М. Әбдімәлікұлы Атырау қаласы вокзал маңындағы аудандағы Баймұқанов көшесінде темекі тұқылын қоғамдық орынға лақтырып, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот қаулысымен  құқық бұзушы М. Әбдімәлікұлы ҚР ӘҚтК 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылды. Оған 19 820 теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінде.

Атырауда қоғамдық орында темек тұқылын тастап не шемішке шаққандарға айыппұл бірінші рет салынып отырған жоқ. Әдетте, олардың айыбын дәлелдеуге видеокамералардың септігі тиеді.

inform.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *