Ақтөбе облысының спортшылары мәдениет үйі мен білім бөлімінде «жаттығып» жүр

Бөлісіңіз

 

Ақтөбе облысындағы атышулы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде алғаш рет болған спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов онда спорт кешендерінің жоқтығына таңғалды.

«Бір күрес залы бар. Оның өзі жеке ғимаратта емес, мәдениет үйімен бірігіп кеткен. Ал бокс залы білім бөлімінің ғимаратында орналасқан. Екі ғимараттың шамалы жері ғана спортқа арналған. Ішкі бөлігі көп жылдан бері жөндеу көрмеген. Спорт жабдықтары көне. Жарығы өте нашар. Мұны аудан әкімі де мойындап отыр», — деді басқарма басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Басқарма басшысы Темір ауданындағы жастардың жат ағымға бет бұрып кетуін спорт нысандарының болмауымен байланыстырды.

«Дегенмен, Темір ауданынан мықты спортшылар шығып жатыр. Бірақ егер XXI ғасырға лайық спорт нысандары болса, бұдан үлкен нәтиже шығатын еді. Шыны керек, осы кезге дейін жастарға көңіл бөлінбеген. Жат ағым өкілдерінің пайда болуы жастарға арналған заманға сай спорт нысанының жоқтығынан деп ойлаймын», — деді Мейрамбек Махамбетов.

Оның сөзінше, бұл мәселеге аудан әкімі Жолдас Қалмағанбетов те алаңдаулы. Ол жаңа кешен салып беру жөнінде облыстан көмек сұрап жүр.

«Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының қолдауымен өңірдің аудан орталықтарында дене шынықтыру кешендері салынып жатыр. Олардың құрылыстары 2020 жылдары аяталады деп жоспарлап отырмыз», — деді облыстың «бас спортшысы».

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *