Әкімдер неғұрлым көп қаражат бөлсе, рейтингтегі орны да соғұрлым жоғары болады — Мұрат Әбенов

Бөлісіңіз

Экс-мәжілісмен Мұрат Әбенов мемлекеттік тапсырысқа қатысты Астанада өткен қоғамдық диалог барысында әкімдер рейтингі туралы айтып өтті, деп хабарлайды «Тілші».

Әбенов рейтингтердегі әкімдердің орны оған бөлінетін қаржы мөлшеріне тікелей байланысты.

«Кейбір өңірлердің мақтауын асырып жатады. Барсаң, онда түк жағдай жасалмаған. Бастысы, рейтингтегі орны жоғары. Рейтингтерді кімдердің және қалай жасайтыны белгілі. Әрі-беріден соң, рейтингтерге сене беруге болмайды», — деді ол.

Әбенов мұндай жағдайда не күлерін, не жылайтынын білмейтінін айтады.

«Біз осылайша дәстүрлі ақпарат құралдарын тұңғиыққа батырып жатырмыз. Материал сапасы төмендейді. Оқырман басқа алаңға ауысады. Босап қалған ақпараттық кеңістікті өзге контент толтырады. Халық неге газет оқымайды, неге теледидар қарамайды, ойлану керек. Өзге жақтың ақпарат құралдары дендеп кіреді. Осылайша мемлекет қоғамдық санаға ықпал ету арналарынан айырылып жатыр», — дейді ол.

Экс-мәжілісмен бүгінде рейтингтерде музыкалық және діни арнаның көш бастап тұрғанын, ал жылына миллиардтап қаражат алатын мемлекеттік арналардың көштен қалып жатқанын меңзеді.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *