Министрлер өздері туралы материалды оқып рахат алады — экс-мәжілісмен

Бөлісіңіз

Министрлер өздері туралы мақтау материалдарды оқып рахат алады. Бұл туралы Астанада өткен қоғамдық диалог барысында экс-мәжілісмен Мұрат Әбенов хабарлады.

Оның айтуынша, министрлер мемлекеттік тапсырыс аясында өздерін мақтатып, содан рахат алады.

«Министрлерге ондай материал қатты ұнайды. Керемет мақала жазылды деп ойлайды. Мынаны жазған ақпарат құралына тағы ақша беріңдер дейді. Алайда, министрлерді мақтайтын материалдардың өзгелерге түк қызық емес екенін оларга ешкім батырып айта алмайды», — дейді Мұрат Әбенов.

Оның пайымынша, ақпараттық қақтығыста министр жеңгенімен, реформа жағынан үлкен жеңіліске ұшырап жатыр.

«Мәселен, министрді мақтадық. Алайда, денсаулық сақтау министрлігіндегі реформаны ешкім қолдамайды. Халық қарсы. Министрді мақтағаннан не ұттық? Мұндай жағдай білім министрлігінде де кезігеді», деді экс-мәжілісмен.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *