Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдері тарапынан үнемі қолдау болатынын сезініп жүретінін айтты

Бөлісіңіз

Астанада БАҚ өкілдеріне баспасөз жиынын өткізген Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев тілшілер тарапынан үнемі қолдау болатынын сезінетінін айтады, деп хабарлайды «Тілші».

«Мен кейбір журналистермен ширек ғасыр бойы жұмыс істеп келемін. Әрдайым БАҚ өкілдері тарапынан қолдау сезінемін. Қайда жүрсем де, не істесем де, жұмысымызды журналистер көрсетіп келеді», — деді Ақтөбе облысы басшысы.

Бердібек Сапарбаев сыни материалдардың да аз болмайтынын жеткізді.

«Сыни материалдар біздің жұмысымызға көп көмегін тигізеді. Кейбір біз байқамаған жайттарды журналистер жазып көрсетіп жатады. Ондай олқылықты түзеуге тырысамыз. Журналистердің материалдары бойынша тиісті басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырма беріп отырамын», — деді ол.

Сапарбаев Ақтөбедегі Баспасөз үйі туралы сөз етті.

«Бұрын Ақтөбедегі журналистердің отырған жерін көрсеңіздер. Бірінің үстіне бірі отырған. Бүгінде бос ғимараттардың бірін жөндеп, Баспасөз үйін ашып бердік. Оған 180 млн теңге жұмсалды. Отыратын редакциялары жоқ тілшілер бар, меншікті тілшілерге де бөлмелер қарастырылған. Өңірдегі брифингтер мен пресс-конференциялар да сол Баспасөз үйінде өтетін болады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысымен баспасөз отырысын өзінің қарамағынан шыққан, бүгінде Орталық коммуникациялар орталығының модераторы Шыңғыс Ілияс жүргізген болатын. Сапарбаев оған сәттілік тіледі. «Бөлісетін жағымды жаңалықтарың көп болсын» деді Сапарбаев ОКҚ модераторы Шыңғыс Ілиясқа.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *