Бердібек Сапарбаев: Ақтөбеліктер тыныш ұйықтап, жұмыстарына үрейленбей баруы үшін жұмыс істеп жатырмыз

Бөлісіңіз

Соңғы жылдары түрлі жағдайды бастан өткерген Ақтөбе облысы тұрғындарының қауіпсіздігі үшін бүгінде нендей жағдайлар жасалып жатқаны туралы Орталық коммуникациялар қызметінде сөз болды, деп хабарлайды «Тілші». Ол үшін жергілікті билік Бас прокуратурамен бірлесіп, ауқымды жұмыстар тындырған.

«2016 жылдан бері Бас прокуратурамен бірлесіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген шара өткіздік. Негізгі мақсат — тәртіпсіздікті болдырмау, заңды бұзуға жол бермеу», — деп атап өтті өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен брифинг барысында.

«Ақтөбе облысы әкімінің айтуынша, халық тыныш ұйықтап, жұмыстарына үрейленбей барулары керек. Балалары сабақтан қалмаса екен дейміз. Жалпы, Бас прокуратурамен бірлесе қолға алған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» акциясына 500 мыңға жуық халық жұмылдырылды. Арнайы құрылған топ кешенді жұмыс жасап келеді», — деді облыс басшысы.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Ақтөбеде лаңкестік әрекет болып, бірнеше адам мерт болып, браз кісі жарақат алған болатын. Сол кезде өңірде қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *