Ақтөбеде әскери қызметкер жастармен кездесті

Бөлісіңіз

 

ҚР Қарулы Күштері Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Қайсар Мұғалов Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылының жастарымен кездесті, деп хабарлайды Tilshi.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуге тапсырма берді. Осы мақсатта ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Қайсар Мұғалов Әйтекеби ауданы, Басқұдық ауылына барды.

«Жастармен кездесудегі мақсат – еліміздің ертеңін жалғайтын ұрпақты патриотизмге баулу, әскери қызметтің қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлесін насихаттау. Ерлердің ерлігін егемен еліміз мақтан тұтады. Әскери қызметтегі ерлердің ерліктерін үлгі-өнеге ретінде көрсету арқылы жас ұландарымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеуге болады. Отандық патриотизм — бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Оған адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, туған жеріңе деген адалдық және азаматтық сезімдер, Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отаныңның тарихына құрметпен қарауын қосыға болады», — деді Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі департамент бастығы Қайсар Мұғалов.

Сондай-ақ, кездесу аясында оқушыларға әскери қызметтің қыр-сыры, әскерилердің күнделікті тыныс-тіршілігі, әскерилердің қызмет барысындағы ерлік әрекеттері айтылды. Кеш соңында жастарға патриоттық тәрбиенің өзектілігін насихаттап жүрген полковник Қайсар Қайырбайұлы, алғашқы әскери дайындық пәнінен үздік шығып, жетістігімен көрініп жүрген жастарға сыйлық берді.

Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметі бастығы Әсет Жомарттың айтуынша, бұл шара жастардың Отанға деген махаббатын арттырады.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *