Қазақстан журналистеріне арналған мобильді қосымша әзірленіп жатыр

Бөлісіңіз

Астанадағы құқықтық медиа орталығы Нидерланды Елшілігі және Кибершабуылдар сараптама және зерттеу орталығымен бірлесе отырып, мобильді қосымша әзірлеп жатыр, деп хабарлайды «Тілші».

Орталықтан хабарлағандай, жоба журналистердің, блогерлердің, интернет қолданушылардың, провайдерлер мен интернет-ресурс иелерінің құқықтық сауатын арттыруға, ақпараттық және цифрлық қауіпсіздікті күшейтуге, мемлекеттік органдар, бизнес, масс-медиа және үкіметтік емес секторы арасындағы қоғамдық диалогты белсенді етуге бағытталған.

Мобильді жоба 2019 жылдың көктемінде іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Жоба аясында журналистердің жұмысын реттейтін құқықтық нормалар, механизмдер мен құралдардың жиынтығы бар, онлайн және т.б. кеңес беретін, ақпараттарды, заң мәтіндерін жедел тауып беретін, арыз-шағым жөнелтуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленеді.

«Тәуелсіз басылымдар мен журналистерге арналған киберқорғау қызметі (тәуелсіз БАҚ сайттарының қорғалу жөніндегі аудиті, әлсіз тұстарын табу және жою бойынша техникалық және консультативтік қолдау таныту, шабуыл жасалғанда шұғыл желі, бұғатталғанда көмек көрсету, т.б.), сайттарды бұғаттау процедуралары бойынша провайдерлерге арналған нұсқаулық (сайт бұғатталғанда не істеу керек, кімге хабарласу керек) жасалады», — деп хабарлайды құқықтық медиа орталығының өкілдері.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *