Ғалымжан Байдербес: Жұбанов университетіндегі батыр қыздың музейін жабу кімге керек болды?

Бөлісіңіз

«Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес жастармен кездесу кезінде патриоттық тәрбие беретін Әлия Молдағұлова музейінің қайда кеткенін сұрады, деп хабарлайды «Тілші». Оның айтуынша, бір кездері өзі ашып берген музейдің ұшты-күйлі жоқ болып кеткеніне бірнеше жыл болған. Тіпті, экспонаттардың қайда кеткені де белгісіз.

Ақтөбелік жастар алдында патриоттық тәрбие беру, патриотизм туралы жан-жақты айтып берген «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес өзі қолға алған істердің кейбірі жойылып кеткеніне алаңдады.

Мәселен, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі «Қызы батыр ел – ұлы ел» атты музейдің ізі де қалмаған. Жастармен кездесу кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова мен қазақтың батыр қыздары туралы жан-жақты ақпарат беретін музейдің қайда кеткенін сұрады.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұржан Байгелді өзі білетін ақпаратпен бөлісті.

«Әлия музейі уақытша жабылды. Біз оны өңдеп жатырмыз», — деп қысқа қайырды ол.

Қасаң жауаптан соң облыс әкімі Бердібек Сапарбаев музейді жөндеп, өңдеп қайта қолданысқа беруге тапсырма берді.

Ректораттың музейді қашан қалпына келтіретіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, таяуда аталған оқу орнындағы сауна туралы ақпарат құралдары жарыса жазды. Бастапқыда жөндеуден өтіп жатқанын айтқан университет басшылығы ізінше ондай саунанын мүлдем болмағанын айтып ақталды. Алайда, университет басшылығынан жалақыларын ала алмаған жұмысшылар саунаның суретін таратып жіберген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *