Бердібек Сапарбаев Ақтөбенің ескі бөлігінде қараусыз қалған университет бассейнін тұрғындарға алып берді

Бөлісіңіз

Жергілікті Жұбанов университетіне қарасты 10-15 жылдан бері есігі жабық тұрған бассейн мемлекет балансына алынды. Бердібек Сапарбаев нысанды ретке келтіріп, көпшілікке пайдалануға беру жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды «Тілші».

Қаланың ескі бөлігінінің тұрғындары бассейн ашып беру туралы ұсыныстар айтып келді. Алайда, университет басшылығы нысанның тек студенттерге арналғанын айтып келумен болды.

Бассейнде алдағы уақытта қарапайым тұрғындар да шомыла алатын болды.

«Дельфин» бассейнін Жұбанов университетінен мемлекет балансына алдық. Бұйрық та шықты. Енді облыстың спорт басқармасы сол бассейнді тез арада іске қосуы тиіс. Бұған дейін де айттым, күрделі жөндеу қажет емес, жұмыстың бәрін бірте-бірте істей беру керек. Енді оған жақсы басшы мен жаттықтырушыларды тағайындау қажет. Қаланың ескі аймағында тұратын балалар барсын. Өйткені «Достық» бассейніне (жаңа «Батыс-2» ауданындағы — ред.) барлығын сыйдыра алмайды», — дейді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *