Атырау облысында намаз кезінде имамның сөзін бөлген ер адамға айыппұл салынды

Бөлісіңіз

Атырау облысында намаз кезінде имамның сөзін бөліп, кедергі келтірген ер адам айыппұл арқалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылқоға аудандық сотына сілтеме жасап.

Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы «Бәйтерек» мешітіне жұма намазға келген жергілікті тұрғын имамның ескертуіне қарамастан намазды дауыстап оқыған. Осының нәтижесінде жалпы намаз бұзылыпты. Ер адам намаз оқуды интернеттегі қосымшалардан үйренгенін, онда сүре оқылғанда дауыстап «әмин» деп айтылуы керектігі жазылғанын айтқан. Кейін ол дінді дұрыс түсінбегенін және өз қателігін мойындаған.

«Қызылқоға аудандық сотының қаулысымен ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінде («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») қарастырылған құқықбұзушылық жасады деп танылып, оған 84 175 теңге сомасында айыппұл салу туралы жаза қолданылды», — делінген соттың хабарламасында.

фото: gorvesti.ru

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *