Ақтөбеліктер базарлардан алған көкөністер мен жеміс-жидектерді сатушыларға қайтарып беріп жатыр

Бөлісіңіз

Ақтөбе базарларындағы жеміс-жидек пен көкөніс құрамындағы химикаттар мөлшерден артық болып тұр, деп хабарлайды «Тілші».

Бірнеше тұрғын сатып алған өнімді сол бойда экспресс-тексеруден өткізді. Ондағы химикаттардың шамадан артық екеніне көз жеткізген ақтөбеліктер қауын-қарбыз бен басқа да өнімдерді дереу саудагерлерге қайтарып берді.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетованың айтуынша, облыс бойынша тағам өнімінің 432 сынамасы зерттелді, оның ішінде микробиологиялық көрсеткішке 35 сынама, бактериалдық ластану анықталған жоқ, санитариялық-химиялық көрсеткішке 33 сынама зерттелді.

«Сәйкессіздік термиялық өңдеудің сапасы бойынша 2 сынамада анықталды (бәліш). Сонымен қатар өсімдік шаруашылығы және бақша өнімдерінің 364 сынамасы (томат, қияр, шалғам, картоп, басты пияз, сәбіз, қырыққабат, сарымсақ, нектарин, алхоры, қауын, қарбыз), оның ішінде 72 сынамада құрамында қалдық нитраттың болуы бойынша сәйкессіздік анықталды (картоп, басты пияз, алхоры, қауын, қарбыз, томат, нектарин). Осы сәйкес емес өнімдер сатушыларға қайтарылды», — дейді ол.

Анықталған сәйкес емес өнімдер бойынша базарлардың және сауда желілерінің басшыларына 13 ұсыныс хаттар жолданды.

фото: myvklive.ru

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *