Ақтөбелік санитарлар тұрғындардың жылдам дайындалатын тағамдарға әуестеніп бара жатқанын айтады

Бөлісіңіз

Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары гамбургер, хот-дог, газдалған сусындармен әуестенбеуді ескертеді, деп хабарлайды «Тілші». Олардың пайымынша, тағамның пайдасы мен зиянын ажырата бермейтін тұрғындар жылдам дайындалатын тағамдарға қатты әуестеніп барады.

«Біз тұтынатын тағамды пайдалы және зиянды деп екі топқа бөлуге болады. Пайдалы ас күш береді, энергия береді, денаулықты күшейтеді, семіздіктен сақтайды, жүрек, қан тамырлары, диабет, т.б. аурулардан қорғайды. Олардың қатарына жеміс-жидек, көкөніс, сүт, балық, т.б. дәруменге, минералды заттарға бай өнімдерді жатқызуға болады», — дейді департамент басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Өз кезегінде, мамандардың айтуынша, гамбургер, чипсы, хот-дог, газдалған тәтті сусындар, кондитерлік өнімдерден аулақ болған жөн. Құрамында дәрумені мен минералы жоқ өнімдерден ағзаға пайда жоқ.

Айта кетейік, департамент қызметкерлері Ақтөбедегі сауда орындарына арнайы рейдтер жүргізіп, ұсынылатын тағамның құрамын экспесс-әдіспен тексерген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *