Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді Құрбан айт мейрамымен құттықтады

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы әкімі ақтөбеліктер мен қала қонақтарын Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды «Тілші».

«Ата-баба дәстүрімен үндестігін тапқан Құрбан айт мейрамы бүгінгі күні мемлекеттік мереке дәрежесіне көтерілді. Жыл сайын елімізде бұл мерекені тойлау жаңаша серпін алып, кең көлемде атап өтілуде», — делінген облыс басшысының құттықтау хатында.

Оның айтуынша, Құрбан айт – ертеден-ақ халқымыздың тарихымен, өмір тіршілігімен біте қайнасқан, кеңпейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

«Қасиетті мереке тұсындағы барлық сауапты істеріңіз бен ізгі тілектеріңіз қабыл болсын! Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, бақ-береке тілеймін», — деді Бердібек Сапарбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *