Айдар Тұрғанбек, әнші: Ақтөбедегі діни жағдайды естіп, жүрегім қатты ауыратын

Бөлісіңіз

Ақтөбеде өткен республикалық азаншылар байқауына «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғанбек те қазылық еткен болатын. Cоңғы кезде рухани, қоғамдық шараларға белсене араласып жүрген әнші Ақтөбедегі діни ахуалды естіп, жүрегі қатты ауыратынын да жасырмады.

«Бүгінде барлық жерде, әсіресе, Қазақстанның батысында дін саласында түсініспеушіліктер болып жатыр. Кейбір жайтты естігенде жүрегім қатты ауырады. Дінге тіл тигізбесе екен деймін. Мұның барлығы адамдардың қателігі ғой», — дейді «Тілшіге» берген сұхбатында Айдар Тұрғанбек.

Әншінің пайымынша, өнер адамының бұл жайтқа ықпал етуі екіталай. «Дегенмен, танымал өнер адамының дұрыс дүниелерді насихаттап жүргені жақсы» дейді ол.

«Әлеуметтік желілерді пайдаланып, ата-ананы сыйлау, отанды сүю туралы әндерді тыңдату керек. Жүз пайыз болмаса да, отыз-қырық пайыз ықпал ете алатын шырғармыз», — дейді әнші.

фото: reactor.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *