«Тілші» медиа мектебі екі айлық журналистика курсына шақырады — TILSHI.KZ

«Тілші» медиа мектебі екі айлық журналистика курсына шақырады

Бөлісіңіз

Ақтөбедегі «Тілші» медиа мектебі жаңа маусымда жаңа форматта жұмыс істемек, деп хабарлайды Tilshi.kz. Заманауи журналистика мектебі төртінші лекті қабылдайды.

Курс екі айға созылады. Дәріс демалыс күндері оқылады.

Бағдарламада интернет-журналистика, мобильді журналистика, ақпарат іздеу жолдары, фрилансер жұмысы, қоғаммен байланыс және PR, т.б. сабақтар қамтылған. Өңірдегі танымал журналистер дәріс оқиды. Оқушылар брифингтер, баспасөз конференциялары мен пресс-турларға қатысады.

Айта кетейік, «Тілші» медиа мектебі 2018 жылдың қаңтар айында ашылды. Алғашқы үш лекте 27 адам білім алды. Мектептің 7 түлегі жұмыспен қамтылды. Бүгінде олар облыстағы телевидение, газет, радиоларда қызмет етіп жүр.

Маусым айында «Тілші» медиа мектебі Қырғыз елінің беделді БАҚ редакцияларына пресс-тур ұйымдастырды. Бішкек қаласындағы Қырғыз қоғамдық телерадио кешені, елдегі жетекші «Супер инфо» басылымы, Super.kg порталы, НТС арнасының жұмыстарымен танысты.

Алматыға сапары аясында «Тілші» делегациясына NUR.kz порталының редакторлары шеберлік сабағын өткізді.

Сонымен бірге, Алматы, Астана қалаларынан келген танымал журналист, блогерлермен кездесулер (Өркен Кенжебек, Ақырыс Сейітқазы, т.б.) ұйымдастырылды. Шәкірттер аудандық әкімдіктермен бірлескен жобаларға қатысты.

«Тілші» медиа мектебінде сонымен бірге, бір күндік тақырыптық семинар-тренингілер ұйымдастырылып келеді.

Екі айлық журналистика курсының алғашқы сабағы 18 тамызда Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 1 мекенжайы бойынша өтеді. Анықтама үшін телефон нөмірі: +7 775 430 51 58.

фото: signis.net

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *