Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 100 білім гранты бөлінетін болды — TILSHI.KZ

Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 100 білім гранты бөлінетін болды

Бөлісіңіз

Ақтөбе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасы еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша ақпарат жинақтады. Нәтижесінде Ақтөбе облысы әкімдігінің конкурстық комиссиясы өңірге әр салаға қажетті 28 мамандық таңдалды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті бюджеттен бөлінетін грант саны — 100, деп хабарлайды «Тілші».

2018 – 2019 оқу жылына осы сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім гранттарын жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындары анықталды. Анықталған жоғары оқу орындарының тізімі уәкілетті органның bilim.aktobe.gov.kz. ресми интернет-ресурсына жарияланды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің өкілі Шыңғыс Ілиясовтің «Тілшіге» хабарлауынша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 5 – 10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясында қабылданады.

«Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын анықтау үшін түскен өтініштер бойынша Комиссия отырысы өткізіледі. Нәтижесінде жергілікті атқарушы орган арқылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім гранты тағайындалғаны туралы куәлік беріледі», — деді Шыңғыс Ілиясов.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *