Киев: «РИА Новости Украина» мемлекеттік сатқындық жасады

Бөлісіңіз

Украинаның қауіпсіздік қызметінің мамандары 15 мамырда Киевте «РИА Новости Украина» ақпарат агенттігінің директоры Кирилл Вышинскийді ұстады, деп хабарлайды Азаттық.

Вышинскийге “мемлекеттік сатқындық жасады”, “Украинаға қарсы ақпараттық зиянды әрекеттер жасады” деген айыптар тағылып отыр. Бұл туралы Киевте өткен брифингте Украинаның қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Виктор Кононенко мәлімдеді.

Тергеу амалдарына сәйкес, журналист Мәскеу тапсырысы бойынша әуелі Ресей Қырым түбегін аннексия жасаған кезде оны ақтау мақсатында ақпараттық материалдар әзірлеген. Бұдан соң Киевте сепаратистерді қолдап, Украинаға қарсы әрекеттер жасағаны үшін Ресейден айына 53 мың еуро алып отырған. Бұл іске байланысты бірнеше жерде тінту жүргізілген.

“Біз дәл төбесінен түстік, тінту басталғаннан кейін бір сағаттан соң Ресейдің сыртқы істер министі Лавров пен Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песковтың бұлайша бірден реакция танытқаны есімде жоқ” деді Виктор Кононенко.

Оның айтуынша, Вышинский Украинада бірқатар компанияларды тіркеген. Олардың арасында тергеу дерегінше, «РИА Новости Украина» брендін пайдаланып, жұмыс істеген “Тор Интер селект” компаниясы да бар. Дәл осы компания арқылы айыпталушы Ресейден келетін қаржыны жасырып, ақпарат агенттіктерімен астыртын бірлесіп жұмыс істеген. Тінту кезінде одан Ресей азаматтығының паспорты (Украина азаматтығы болған), мемлекеттік наградалар, “Қырымды қайтарғаны үшін” медаль де табылған

Вышинскийді қорғау мақсатында Украина тарабына оның әріптесі Татьяна Москалькова хабарласқан.

Украинаның баспасөз және ақпарат агенттіктерінің тізімінде «РИА Новости Украина» агенттігі жоқ. 2011 жылдан бері Украина шетел журналистері мен шетелдік БАҚ-ты аккредитациядан өткізу рәсімін алып тастаған. Сондықтан Украинаның сыртқы істер министрлігі мен ақпараттық саясат министрлігі «РИА Новости Украина» ресейлік агенттіктің филиалы ма, жоқ па?” деген сұраққа нақты жауап бере алмады.

«РИА Новости Украина» ісі бойынша 20 азамат куә ретінде тартылған.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *