Ақтөбе облысы Ресей Ислам институтында 25 адамды теолог мамандығына оқытып жатыр

Бөлісіңіз

Қазан қаласындағы Ресей Ислам институтында Ақтөбе облысынан 25 адам теолог мамандығына оқып жатыр, деп хабарлайды «Тілші».

«Аңсар» орталығының жетекшісі Жандәулет Сүлейменнің айтуынша, бүгінде 25 адам қашықтықтан оқыту әдісімен білім жатыр.

«Тек Ақтөбе облысының тұрғындары қатарынан 25 адам арнайы іріктелді. Оларға облысқа келіп, қызмет ету талабы қойылды. Амандық болса, алдағы екі жылда өз теологтарымыз болады», — деді Жандәулет Сүлейменов.

Оның пайымынша, облыста теолог тапшылығы бұрыннан сезіледі.

«Ресйді, оның ішінде Қазан қаласын бекерден таңдамадық. Ханифа мазхабын ұстанады. Әрі, татар тілі біздікіне ұқсас. Ақтөбе жерінде кезінде ислам дінін татарлар оқытқан. Оның үстіне Ислам институты кезінде медресе болып құрылған екен. Материалдық базасы да әжептәуір жақсы», — дейді «Аңсар» орталығының жетекшісі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында Бестамақ медресесінде де бүгінде 70-тен астам адам діни білім алып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *