Роза Рымбаеваның мүгедек арбасына таңылған тыңдарманына деген ілтипаты көпшіліктің жүрегін елжіретті

Бөлісіңіз

Роза Рымбаеваның Ақтөбедегі концертінде көрермен жұрттың жүрегін ауыртқан көрініске куә болды, деп хабарлайды «Тілші». Екі аяғынан айырылған ананы залдағы операторлар мен фотографтар сахнаға көтеріп шығарған.

Арбаға таңылған апай Қарттар үйінде тұрады. Роза Рымбаеваның әндерін сүйіп тыңдайтын болса керек. Әншісіне гүл шоқтарын беріп, бетінен сүйген сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Әндерін шырқап болған соң Роза Рымбаева сахнадан түсіп, ерекше тыңдарманына барып, өзінің «Алтын дискісін» тарту етті.

Айта кетейік, Роза Қуанышқызының сахнада жүргеніне биыл 42 жыл. Ақтөбедегі концертін M-Pro Entertainment компаниясы ұйымдастырды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *