Өзбекстандық журналист Абдуллаев қамаудан босатылды

Бөлісіңіз

7 мамыр күні қылмыстық істер жөніндегі Ташкент қалалық соты конституцияға қарсы шықты деген айыппен сотталған төрт адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Азаттық.

Журналист Бобомурод Абдуллаев Өзбекстан қылмыстық кодексінің 159- бабы, 1-тармағының «б» пункті бойынша қылмыс жасаған деп айыпталды. Сот Абдуллаевты бір жарым жылға күштеп жұмысқа тартып, жалақысының 20% пайызын мемлекет ұстайтындай етіп үкім шығарып, сот залынан босатты.

Айыпталған блогер Хаётхан Насреддинов пен жергілікті кәсіпкерлер — Шавкат Оллоёров және Равшан Салаев те сол залынан босатылды.

2 сәуірде қылмыстық істер жөніндегі Ташкент қалалық сотында өткен отырыста прокурор судьядан журналист Бобомурод Абдуллаевты бес жылға бас бостандығын айыруды, қалғандарын ақтауды сұраған.

Өзбекстанның арнайы қызметі 2017 жылдың 27 қыркүйегінде ұстаған журналист Бобомурод Абдуллаев интернетте «Усман Хакназаров» деген лақап атпен жазған мақаласында конституциялық құрылымды өзгертуге әрекеттенді деп айыпталған.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *