«Бақытты бала»: Роза Рымбаева Ақтөбедегі Мedia Pro орталығының өнерпаз оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді — TILSHI.KZ

«Бақытты бала»: Роза Рымбаева Ақтөбедегі Мedia Pro орталығының өнерпаз оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді

Бөлісіңіз

Роза Рымбаева Media Pro орталығының шәкірттеріне шеберлік сабақтарын өткізді, деп хабарлайды «Тілші». Әнші өнерпаз балаларға сахна мәдениеті, вокалдық өнер, жанды дауыста ән айту жөнінде дәріс оқып, балалардың сұрақтарына жауап берді.

Балалар Роза Рымбаеваның орындауындағы «Сол бір кездер» әнін хормен айтып берген. Қуанышын жасырмаған әнші балғындарға кешкі концертте бірге шырқау жөнінде ұсыныс тастады.

Роза Қуанышқызы Media Pro орталығына экскурсия жасап, түрлі үйірме жұмыстарымен танысты. Ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, жұма күні Роза Рымбаева Қобда ауданында қайырымдылық концертін берген болатын. Ал бүгін Өнер орталығында репертуарындағы аңызға айналған әндер мен жаңа туындыларын орындайды.

Гастрольдік сапарды M-Pro Entertainment компаниясы белгілі кәсіпкер Сергей Вишняктың қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *