Латвия Ресей телеарналарының хабар таратуын шектемек — TILSHI.KZ

Латвия Ресей телеарналарының хабар таратуын шектемек

Бөлісіңіз

Латвия парламенті елде Ресей телеарналарының хабар таратуын шектеу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Жоба бойынша, елде таратылатын телехабар өнімдерінің 90 пайызы Еуропа Одағы тілдерінде болуы керек. DELFI ақпараттық порталының хабарлауынша, депутаттар жаңа шаралар «Кремльдің Латвияда артып бара жатқан ықпалын кемітуге көмектеседі» деп сенеді.

Сәуір айында Латвия президенті елдегі саны аз ұлттардың мектептерін (көбісі — орыс мектептері) латыш тілінде оқытуға көшіру реформасын бекіткен. Бұл реформаға қарсы бірнеше рет қарсылық акциясы өткен. Оны Латвия Орыс одағы ұйымдастырған. Латвия конституциясын қорғау жөніндегі ұлттық бюро бұл ұйымның Кремльмен байланысы бар деп біледі.

Латвияда шамамен 1 миллион 700 мың халық бар. Тұрғындардың 500 мыңға жуығы өзін этникалық орыс деп есептейді.

azattyq.org

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *