Ақтөбе облысында «Бақытты бала» жобасын іске асыруға 4 млрд теңге бөлінеді

Бөлісіңіз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы Ақтөбе облысында «Бақытты бала» жылы деп жарияланды. Осыған орай, аймақта жыл басынан бері «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру айтарлықтай жанданды, деп хабарлайды «Тілші».

— Біздің басты міндетіміз – мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында балалардың өмірін жақсартуға барынша қолайлы жағдай жасау және қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, балаға мейірімді орта қалыптастыру, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Атап өтейік, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен «Бақытты бала» жобасын іске асырудың бірінші үш айында 53 мыңнан астам балалардың қатысуымен 300-ге жуық іс-шара өткізілді.

Жобаны іске асыруда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жан жақты қолдау көрсетуге басымдық беріледі. Осылайша, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар 945 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық етеді. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында олар ТҮҚЖБ-да (Жилстройбанк) балалардың жинақ шоттарын 210 млн. теңгеге толтырды. Жыл басынан бері 25 жетімге пәтер кілттері берілді.

Ерекше қажеттіліктері бар балалар да назардан тыс қалмайды. «Кедергісіз білім» блогы аясында түзету ұйымдарының желісін дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, аутизмі бар балаларға арналған орталық, түзету балабақшасы, сондай-ақ, «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ есебінен салынған жүйке-тірек ауруы бар балаларға арналған сауықтыру орталығы ашылады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлер жыл бойы жұмыс жассайтын балалар лагері, жазғы су паркі, ақпараттық технологиялар АТ орталығы, 160 ойын-сауық және облыстың 70-тен астам мектепетрі жанынан спорт алаңдарын ашуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, былтыр облыста тартылған жеке инвестициялардың есебінен жалпы сомасы 348 млн.теңгеге 53 спорт және воркаут, шағын футбол алаңдары мен хоккей корттары салынды.

Жыл соңына дейін Словакияның «H+Н Technica» компаниясымен бірлескен, 2500 орындық Мұз айдыны сарайының құрылысы аяқталады. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 3,8 млрд. теңгені құрайды. Жергілікті кәсіпкер Аркадий Ни 1,5 млрд теңге тұратын Теннис орталығын ашады. Сондай-ақ жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метр болатын халықаралық стандартқа сәйкес жеңіл атлетикалық манеж алаңы салынады.

2017 жылы Ақтөбеде балалардың шығармашылық қабілеттерін және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Қазхром» АҚ 1,5 млрд. теңгенің «Шығармашылық академиясын» салды. Бүгінгі таңда 7 бағыт бойынша 45 үйірме жұмыс істеп, оған 5 мыңнан астам жасөспірім қатысады.

Ақтөбе қаласында «Сәби» қайырымдылық қорының көмегімен 1,5 млрд теңгеге «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды. Бүгінгі таңда орталықта 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің 110 түлегі тұрады.

Бұдан басқа, спортты дәріптеу мақсатында кәсіпкер Шамиль Каспранов құны 1,5 млрд теңге тұратын «Жекпе-жек» сарайын, ал ағайынды кәсіпкерлер Всеволод пен Глеб Щегельскийлер бүгінгі күні 800-ге жуық балалар мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және хоккеймен тегін айналысып жүрген, құны 480 млн теңге тұратын хоккей модулін салды.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *