Ақтөбе облысы тұрғындарының Сайтанкөпірден зәрелері ұшып отыр — TILSHI.KZ

Ақтөбе облысы тұрғындарының Сайтанкөпірден зәрелері ұшып отыр

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қарабұтақ ауылы маңында жөнделгенімен тұрғындардың үрейін ұшырып отырған көпір бар. Ауыл мен аудан орталығына қатынау үшін жергілікті халық тәуекелге барады, деп жазады «Тілші».

Тұрғындардың айтуынша, көпір сонау 19 ғасырдың 80-ші жылдары (1880 жыл) салынған.

«Бұрын үстінен пойыз, тепловоз жүрген деседі. Тайкеткеннен Бадамшаға руда тасыды, жұмысшылар пойызы қатынаған. Рудник (кен орны) жабылған соң, тасжолға айналған. Ол тасжол 1883 жылдан бері пайдаланылып келеді. Менің бала кезімнен білетінім, көпірдің жағдайы осындай нашар. Шамамен үш-төрт жыл бұрын жер жолы салынды. Бірақ көктемгі су тасқынынан кейін ол жарамсыз болып қалды. Жақында көпірдің жан-жағына темірден қоршау тұрғызылды. Бірақ әлі де қауіпті. Қарапайым халық не істей аламыз, көнеміз. Басқа амал жол. Жеке көлігім бар, кейде жолаушы тасымалдаймын. Ауылдан ауданға қатынаймын. Жалғыз болсам онша қорықпаймын, бірақ жолаушыларымның өмірі үшін жауаптымын ғой», — дейді жергілікті ауыл тұрғыны.

Биіктігі 10 метр Сайтанкөпірден «бісмілләсін» айтып өтетін халық бұл мәселені талай көтерген. Өкінішке орай, әзір өзгеріссіз. Осыдан 10 жыл бұрын осы көпірде екі бірдей көлік апаты болды. Бірнеше адам өлді. Екі ортада жиі қатынайтын халық бұл жағдай тағы қайталана ма деп қорқады.

Салтанат Садуоқасова, «Тілші»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *