Ақтөбеде Нокиндер әулетінің өкілі мемлекетке 400 мың теңге қарыз болып шықты

Бөлісіңіз

«ANN CONSTRACTION» ЖШС-нің басшысы Әсет Нокин көлік салығын төлемеген, деп хабарлайды Tilshi.kz.

Кеше Ақтөбе қаласының әкімдігі өзінің ресми сайтында көлік салығынан жалтарып жүрген ақтөбеліктердің тізімін жариялады. Тізімнің 122-ші жолында ақтөбеліктерге таныс Нокин тегі тұр. Әкесінің аты — Патрис те өте әйгілі.

Еске салайық, Патрис Кенесұлы Нокин — 2007 – 2011 жылдары Ақтөбе облыстық Ішкі Істер департаментін басқарған генерал-майор. Кейін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінде басшылық қызметтердің бірін атқарған. Қазіргі таңда ол — Мәскеу қаласындағы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы координация бойынша бюро директорының орынбасары.

Ал оның ағасы Серік Кенесұлы Нокин 2006 – 2008 жылдары Ақтөбе қаласының әкімі болған. Содан кейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Алайда ол орынбасар қызметінде ұзақ болмады. 2008 жылы Индустрия мен сауда министрлігінде комитет басқара бастайды.

Мемлекетке салық төлемей жүрген Әсет Патрисұлы Нокин туралы ақпарат тым аз. Алайда қазақстандық кәсіпорындар рейтінгісінде Әсет Нокин «ANN CONSTRACTION» ЖШС-нің басшысы ретінде көрсетілген. Businessnavigator.kz сайтының мәліметінше, аталған серіктестік құрамында 20-30 адам жұмыс істейтін шағын кәсіпорындар қатарына кіреді. 2009 жылы құрылған бұл ұйым құрылыс жұмыстарымен айналысады.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *