Иса Әлимұсаның продюсері: Бүгін жұмыс істеп, ертең жоғарыда отырамыз деген жоспарымыз жоқ — TILSHI.KZ

Иса Әлимұсаның продюсері: Бүгін жұмыс істеп, ертең жоғарыда отырамыз деген жоспарымыз жоқ

Бөлісіңіз

Қазақстанда тек ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана концерт беретін эстрада жұлдыздары көп. Санаулы әнші ғана шалғай ауылдарды аралап, қалаға жолы түсе бермейтін, үлкен концерттерді қалтасы көтере бермейтін қалың көрерменге жол тартып, өнерімен қуантып жүр. Олардың қатарында Жанар Айжанова, Өмірқұл Айниязов, Еркін Нұржан, Қуандық  Рахым, Роза Әлқожа, Әбдіжаппар Әлқожа, т.б. бар.

Таяуда жас әнші Иса Әлимұса Ақтөбе облысының 25 шақты елді мекенін аралап, әннен шашу шашты. Әншінің айтуынша, Ақтөбе жұрты оны жоғары деңгейде күтіп алған. Тыңдармандары Исаның әндерін әншімен қосылып жатқа айтты.

«Қасымда Фарида Жолдасова болмаған соң «Диалог» әнін тыңдардарыммен орындауға тура келді. Рас, Қуандық Рахымға ұқсатқандар бар болар. Бірақ, менің өз жолым, өз тыңдарманым бар», — деді жас әнші «Тілшіге» берген сұхбатында.

Исаның айтуынша, концерт барысында жоспарда жоқ жайттар жиі болып жатады. Ондай кезде имровизацияға ерік беруге тура келеді.

«Ақтөбеге жолым түскенде бірнеше танымал әнші концерт қойғалы жатыр екен. Дегенмен, менің концертіме  10 адам келсе де, 20 адам келсе де, қуанамын. Демек, мені іздейтін тыңдарман бар деген сөз», — дейді Иса.

Әнші осы күндері Алматыда «Сағынба» әніне бейнеклип түсіруді ойластырып жатыр. Бүгінде репертуарында 20 шақты ән бар.

Әншінің продюсері Алғашбек Сүлейменов бүгін жұмыс істеп, ертең жоғары жақта отыруды көздеп отырмағанын жеткізді.

«Бірігіп жұмысты бастағанымызға бір жылдай болды. Ән жаздырып, клип те түсіріп жатырмыз. Шақыртулар бар. Былтыр қазан айынан бері Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының шалғай ауылдарын аралап келеміз. Ақтөбе облысының ауылдарын екі апта араладық», — дейді Алғашбек Сүлейменов.

Айта кетейік, Иса Әлимұсаның Ақтөбе өңіріндегі концерттерін «Шұғыла» продюсерлік орталығы ұйымдастырды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *