Ақтөбеде бала ди-джей көпшілікті өнерімен сүйсінтті (ВИДЕО) — TILSHI.KZ

Ақтөбеде бала ди-джей көпшілікті өнерімен сүйсінтті (ВИДЕО)

Бөлісіңіз

9 жастағы Ислам Халиуллин көпшілікті өнерімен тәнті етті. Ақтөбеде балаларға жаңадан ашылған демалыс орнында музыкалық жабдықтарды өзі басқарып тұрды, деп хабарлайды «Тілші».

Ислам ди-джейлікті әкесінің достарынан үйренген екен. Тіпті, үлкендерге қолқа салып, ди-джейліктің арнайы мектебінде оқыған.

«Бесінші класта оқимын. Достарым мені мақтан тұтады. Тіпті, еркелетіп, жер бетіндегі ең мықты ди-джей деп жатады. Әрине, өзіме ди-джей болған қатты ұнайды. Мені бала демеңіз, амандық болса, болашақта осы бағытта жұмыс істегім келеді», — дейді Ислам «Тілшіге» берген сұхбатында.

Баланың оқу үлгерімі жақсы — төрт пен бес.

Ақтөбенің бала ди-джейі Ислам @tilshi.kz

A post shared by Асқар Ақтілеу (@askar_aktileu) on

«Ешкімге еліктемеймін. Дегенмен, ди-джей Marshmello-ны тыңдағанды жақсы көремін. Ол әлем бойынша ең мықты деген ди-джейлердің бірі. Рейтингте алғашқы ондықтарға енген. Керемет американдық музыкант әрі продюсер», — дейді Ислам Халиуллин.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *