Наурыз-2018: Сапарбаев шын жаңа жылды алдымен балаларға сездіре бастады

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысының басшысы әдетте есеп үшін өткізілетін Наурыз мейрамының шын мәнінде жыл басы екенін алдымен балаларға сездіре бастады, деп хабарлайды «Тілші».

Бүгін Ақтөбеде 30 мыңнан астам ойын баласы мерекелік сыйлықтар алды. Әкімдік атынан қаланың бірнеше мейрамханасында дастархандар жайылып, түрлі орта білім беру орындарынан мыңдаған бала шақыртылды. Оларға концерттік бағдарлама әзірленген. Ертегі кітаптары мен тәттілер үлестірілді.

«2018 жылды Балалар жылы деп бекер жарияламадық. Балалар үлкендердің шарапатын сезінуі керек. Жыл бойы балаларға бағытталған шаралар қолға алынады. Оларға арнап арнайы нысандар салынып жатыр», — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев Сазды ауылында дәрігерлік амбулаторияны ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шара барысында осы ауылдағы балаларға сыйлықтар тарту етті. Сонымен бірге, қаладағы демалыс орындарының бірінде талантты, алғыр, оқуда озат балаларға арналған концертке қатысты. «Таксим» мейрамханасы 100 балаға дастархан жайды. Балаларға «МедиаПро» орталығының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Бердібек Сапарбаев бастаған топ «Ошақ» мейрамханасында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасы балаларымен бірге мерекелік концертті тамашалады. Мейрамхана басшылығы кішкентай қонақтарды дәмді тағамдармен қуантты. Балаларға сыйлық салынған пакеттер ұсынылды.

Бұл күні «Кинопарк» басшылығы да аянбады. Бала толы залда мультфильм көрсетілді. Ал, Сәңкібай даңғылы бойында баскетбол, волейбол, т.б. залдары бар ірі батут орталығы ашылды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: Ислам Берғалиев

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *