Ақтөбенің танымал продюсері өзінің кәсіпкер ретінде өсуіне табысты адамдармен жиі араласуы себеп болғанын айтты — TILSHI.KZ

Ақтөбенің танымал продюсері өзінің кәсіпкер ретінде өсуіне табысты адамдармен жиі араласуы себеп болғанын айтты

Бөлісіңіз

Ақтөбенің танымал продюсері Жанаргүл Досова өзінің кәсіпкер ретінде өсуіне табысты адамдармен жиі араласуы себеп болғанын айтып берді, деп хабарлайды «Тілші».

«MediaPro» орталығының жетекшісі санаулы күн бұрын «Қазақстанның іскер ханымдары» байқауының Ақтөбедегі іріктеу турында топ жарған болатын. Жанаргүл Досова алысқа бармай-ақ айналадағы табысты адамдармен кез келген мүмкіндікті пайдаланып, араласуға болатынын жеткізді.

«Олар қасымызда, жанымызда жүр. Алысқа бармай-ақ қойыңыз. Болмаса, интернетте белгілі кәсіпкерлердің парақшаларына жазылып қойыңыз. Олар тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Блогтарға, влогтарға жазылып, қадағалап отыруды әдетке айналдырыңыз. Өз басым табысты кәсіпкер ханымдардан көп нәрсе үйрендім. Адами факторды бағалай білу керек. Бұл бизнестегі ең жақсы мектеп», — дейді продюсер.

Жанаргүл Досова 16 жыл бойы жұмыс берушілердің қарамағында еңбек еткенін жасырмады. Тек екі жыл бұрын ғана ойын өзгертіп, кәсіпкерлікке қадам жасаған.

Білімсіз, ақпаратсыз жетістікке қол жеткізу оңай еместігін айтқан ол өзіне ықпал еткен іскер әдебиеттерді де тізбелеп берді.

«Робин Шарманың «Лидер без титула» кітабын оқып, бизнестің өзіңнің бет-бейнең екенін түсінесің. Сәйкесінше, табысың да өзіңе байланысты. Егер бизнес бастағыларыңыз келсе, міндетті түрде осы кітапты оқуға кеңес беремін. Кийоскаидің «Квадрант денежного потока» туындысын шолып шықсаңыздар артық болмайды», — дейді кәсіпкер.

Жанаргүл Досованың пайымынша, адамның өзін басқаруы оңай емес. Ал бизнесте өзгелерге жетекшілік етуге тура келеді. Штатта қызметкерлер саны артқанда қызмет жүйесі сыр беруі мүмкін. Сондықтан, кәсіпкер менеджер де болуы керек. Ол үшін Михаил Батыревтің «Сорок пять татуировок менеджера» кітабын оқуға кеңес береді.

«Жапон менеджменті мен маркетингі туралы білгіңіз келсе, Кайдзен философиясын оқыңыз. Өте керемет кітап. Жалпы, әрдайым дамып отыру керек. Күн сайын алға ұмтылу керек, кедергілерді жеңе білу керек. Автордың маған көп көмегі тиді», — деп қорытты сөзін танымал продюсер.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *