«Тілші» медиа мектебінің алғашқы түлектері қолдарына сертификаттарын алды

Бөлісіңіз

«Тілші» медиа мектебінің алғашқы түлектері қолдарына сертификаттарын алды. Соңғы екі ай көлемінде олар журналистиканың қыр-сырын үйренді. Шәкірттерге танымал журналистер мен дикторлар дәріс оқыды. Сонымен бірге, болашақ журналистер өңірде өтіп жатқан шараларға қатысып жүруге мүмкіндік алды.

Бүгінде «Тілші» мектебінде оқып жүрген кезінде бір шәкірттердің бірі «Тандем» радиосына қызметке орналасты. Тағы бір оқушы «Керек инфо» газетінде тұрақты автор. Өз кезегінде, облыстық телеарнаның жаңалықтар қызметі тәжірибеден өтуге мүмкіндік жасады.

Сабақ барысында жаңа медиа, интернет және мобильді журналистика түсініктері, фактчекинг, блогосфера, фрилансер жөнінде арнайы дәрістер оқылды. Журналистің құқықтары мен міндеттері, декриминализация, БАҚ өкілдеріне жиі қолданылатын қылмыстық және азаматтық кодекстегі баптар, т.б. жөнінде айтылды.

Шәкірттер қатарында бірқатар мемлекеттік мекемелердің баспаөз қызметкерлері де бар. Хромтау аудандық газетінің бір қызметкері мен бір практиканты қатысып жүр.

Айта кетейік, бүгінде «Тілші» медиа мектебінің екінші легі оқып жатыр. Наурыз айының 24-ші жұлызынан бастап үшінші топқа дәріс оқыла бастайды.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *