Ақтөбеде «Бизнес Ханымы» байқауының жеңімпазы табысқа жету жолында көрген қиындықтарын айтып көрерменнің жүрегін елжіретті

Бөлісіңіз

Ақтөбеде Қазақстанның Бизнес ханымдары байқауы өз мәресіне жетті. Гран-при иегері атанған танымал продюсер Жанаргүл Досова табысқа жету жолында көптеген қиындықтарға тап болғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды «Тілші».

«MediaPro» орталығының жетекшісі бастапқы қаржының болмауы, банктердің несие беруден бас тартуы, тіпті, қызметкерлерінің сатып кеткені жайлы айтып берді. Кәсібін 65 шаршы метр алаңнан бастаған оның кеңсесін бірнеше рет су шайып кетсе керек. Бастапқыда жерге жаятын кілем мен орындықтарды қарызға алғанын да жасырмады.

«Бүгінде Ақтөбе қаласында үш филиалымыз бар. 500-ге тарта талантты бала бізде вокал, хореография, актерлік шеберлік, т.б. бағыттарда білім алады», — деді өзін таныстыру кезінде продюсер Жанаргүл Досова.

Ақтөбеде танымал поп-топтардың қатысуымен жазғы лагерь ұйымдастырды. Оңтүстік Кореяға k-pop-tour жасады. Биыл амандық болса, жаз айлардын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласына талантты балалармен бірге саяхаттауды жоспарлап отыр.

«MediaPro» проюсерлік орталығының жетекшісі осы бағытта не үшін таңдағанын жеткізді.

«Қызыма қарайтын уақыт болмады. Телеарна мен радиоларда жұмысым көп болды. Өзге жобаларым бар. Мені көрермен танымал тележүргізуші ретінде танығанымен, туған қызым ана ретінде біле алмаған сыңайлы. Күндердің күніне карьерамды құрбан ету керек деп шештім. Өйткені, баламның арманы – мен үшін бәрінен жоғары тұруы керек», — деді продюсер.

Нәтижесінде, Жанаргүл қызының арманын орындау үшін продюсерлік бағытты таңдағанын жасырмай, жайып салды.

Қызы Жұлдыз мектеп сахналарында өнер көрсетіп жүрген екен. Алайда кішкентай қыз үшін маңызды болғанымен, оның барлығына анасы Жанаргүл қатыса алмаса керек. Дегенмен, қыз бала анасын мақтан тұтатынын айтты.

Бүгінде продюсердің қызы Lala квартетінің мүшесі. Аталған топ жасөспірімдер арасында танымал. Продюсер сонымен бірге, бүгінде үлкен, кәсіби сахнаға бірнеше жобаны қатар дайындап жатыр.

«Балалар киносы фестивалінде «Жаса» атты жасөспірімдерге арналған фильмді дайындап отырмыз. Сонымен бірге, бірнеше клип түсіріп үлгердік. Мағантабысқа жету оңайға соқпады. Күні-түні жоба жаздым. Қағазға түсірдім. Бизнес процестерді саралап отырдым. Тәулігіне 18 сағат жұмыста отырған кездерім болды», — дейді Жанаргүл Досова.

Айта кетейік, «Қазақстанның Бизнес Ханымы» байқауының Ақтөбедегі іріктеу турын танымал дизайнер Мәлика Дүйсенбаева, Халықаралық Ханымдар байқауында «Ұлт бейнесі» номинациясының жеңімпазы әрі «Алмаз» қайырымдылық қорының жетекшісі Динара Еділова, кәсіпкер әйелдер Әсел Аухадиева мен Гүлбаршын Сұлтановалар өткізді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

2 thoughts on “Ақтөбеде «Бизнес Ханымы» байқауының жеңімпазы табысқа жету жолында көрген қиындықтарын айтып көрерменнің жүрегін елжіретті

  1. Жанарды бизнесте жетістікке жетуімен, байқаудың жеңімпазы болуымен шын жүректен құттықтаймын. Оны осы жолда көрген қиыншылықтарын мен бір кісідей жақсы білемін. Бейнеттің зейнеті деген осы. Нағыз еңбекқор, өр мінезді, нәзік жан. Әлі де талай асуларды алады…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *