Бердібек Сапарбаев: Мемлекеттік қызмет және полиция органдарының жұмысында кемшілік көп

Бөлісіңіз

Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, деп жазады «Тілші». Онда аймақтағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын талдау нәтижесі, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы сөз болды.

Жиынды ашқан облыс әкімі мемлекеттік қызметшілер қатарында құқық бұзушылықтар санының артқанын атап өтті.

Облыс әкімі уәкілетті органдардың басшыларына, соның ішінде Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Махамбет Абисатовқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын-алу шараларын күшейтуді тапсырды.

«Мемлекеттік қызмет және ішкі істер органдарындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күреске ерекше назар аудару қажет. Қылмыс санының өсуі жұмыста кемшіліктер бар екенін көрсетеді. Оларды талдап, анықтап және жою керек», — деді облыс басшысы.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *