Бердібек Сапарбаев биыл Ақтөбеде Наурыз мейрамын ерекше тойлауға тапсырма берді

Бөлісіңіз

Облыс басшысының тапсырмасын бүгін тілшілерге мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева егжей-тегжей жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Ақтөбеліктер Наурыз мейрамын 1 ай бойы тойлайды. Ұлттық тағамдар фестивалі ұйымдастырылады. Киіз үйлер ашық болуы керек. Тонна-тонна бауырсақ пісіріліп, жүздеген литр көже асылады.

«Биыл мерекеде киіз үйге кіре алмадық деген реніш болмас үшін киіз үйде арнайы дастархан жайылмайды. Қонақтар тек дәм тата алады. Киіз үйлерде ұлттық дәстүрімізді, қол өнерімізді насихаттайтын танымдық көрмелер ұйымдастырылады. Соған байланысты барлық киіз үйлердің есігі ашық болады. Ал, тағамдар арнайы шатырларда беріледі. Мұның барлығы облыс әкімінң тапсырмасы», — деді Маржан Қорғанбаева.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *