Түркияда туып өскен Айбар небары үш жылда қазақ тілін үйреніп, білім олимпиадасында топ жарды

Бөлісіңіз

Түркияда туып өскен Айбар Метинжан Ақтөбеде облыстық білім олимпиадасында қазақ тілі пәнінен бақ сынап көрді. Өзге ұлт өкілдері арасынан топ жарған ол республикалық жарысқа жолдама алды, деп хабарлайды «Тілші».

«2014 жылы әкемнің жұмыс бабымен Қазақстанға көшіп келдік. Мен ол кезде 11 жаста едім. Қазақ тілін мүлдем білмедім. Араға жылдар салып, еркін сөйлей аламын. Бүгінде Білім және инновация лицейінің 9 класс оқушысымын», — дейді Айбар Метинжан «Тілшіге» берген сұхбатында.

Жеңімпаз оқушының айтуынша, олимпиада сұрақтары қиын болмағанға ұқсайды. Мәтін жазу, оқу, тыныс белгілерін қою секілді тапсырмалар түскен.

«Біздің мектептен екі түрік оқушы қатыстық. Сонымен бірге, әзірбайжан, өзбек, ұйғыр, башқұрт балалар бақтарын сынап көрді. Енді республикалық додаға мұғалімім Баян Базарғалиевамен бірге дайындалып жүрмін», — деді Айбар Метинжан.

Айта кетейік, Ақтөбеде облыстық білім олимпиадасына қатысқан 700-дей оқушының 400-і бүгін Студенттер сарайында марапатталды. Бұрынғы қазақ-түрік, бүгінде Білім және инновация лицейінен қатысқан 75 баланың 68-і жүлделі орындарға ие болды. 38 оқушы републикалық олимпиадаға жолдама алып отыр.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *