«Біз білмейтін таланттар»: Ақтөбелік «Екі езу» қолға алған байқауға өтініштер келе бастады

Бөлісіңіз

Осыдан бір апта бұрын «Екі езу» театры жариялаған «Біз білмейтін таланттар» байқауына өтініштер түсе бастады, деп хабарлайды «Тілші».

Байқаудың мақсаты — Ақтөбе өңірінде көрінбей жүрген, ешкім біле бермейтін таланттарды анықтау. Театр жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқанның айтуынша, бұл сайыстың ерекшелігі — байқау әлеуметтік желіде ұйымдастырылып отыр.

«Қазір екінің бірінде ұялы телефон бар. Өзін таланттымын деп есептейтін жандар өнерін камераға жазып, инстаграм желісіне #ekiezutalant хештегімен орналастыруы керек. Араға уақыт салып, үздіктерін іріктеп отырамыз. Ал жыл соңында Өнер орталығында үлкен гала-концерт ұйымдастыру жоспарда бар», — деді ол «Тілшіге» берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Біз білмейтін таланттар» байқауына ән айтатын, би билейтін, басқа да ерекше өнері бар Ақтөбе облысының кез келген тұрғыны қатыса алады. Жас мөлшеріне ешқандай шектеу қойылмайды.

Байқаудың ақпараттық қолдаушысы — Tilshi.kz сайты.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: «Азаттық»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *