«ҚазМұнайГаз»: Солтүстік өңірдің 2,5 млн тұрғынын газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Бөлісіңіз

«Елбасы Астананы газдандыру туралы нақты тапсырма берді. Біз, Астана мен еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру жобасы Президенттің маңызды 5 әлеуметтік бастамасының қатарына кіргеніне қуаныштымыз», — дейді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және сақтау жөніндегі аға вице-президенті Ибулла Сердиев.

Оның айтуынша, магистральдық газ құбырының ұзындығы 1081 шақырым. Ол «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының Қызылорда облысы аумағындағы «Қараөзек» компрессорлық станциясынан бастау алады және өндірісі дамыған Жезқазған, Қарағанды, Теміртау арқылы Астанаға дейін жүргізіледі.

«Осы бағытпен газ құбырын салу арқылы 2,5 млн.-ға жуық тұрғынды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда», — дейді ол.

Қазақстандық газды жеткізу арқылы энергетикалық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

Газ — тұрғындардың өмір сапасына, әлеуметтік жағдайды көтеруге, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Елордамыз Астана қаласы үшін газ жеткізудің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері үлкен. Шамамен көмір жағып отырған 250 жылыту орталықтары, 20 мыңнан астам жеке тұрғын үйлерді газға ауыстыру, сондай-ақ Астанадағы 2 жылыту электр орталығын (ТЭЦ-1,ТЭЦ-2) газға көшіру жоспарлануда. Кейінгі кезде тұрғындарды мазалап жүрген Астананың экологиялық ахуалы да жақсарады. Зиянды қалдықтар мөлшері 35 мың тоннаға азаяды», — деді Ибулла Жұмағұлұлы.

Осы жоба бүкіл солтүстік өңірді газдандыруға жол ашады.

Вице-президенттің айтуынша, «ҚазТрансГаз» компаниясы маңызы үлкен осы жобаны жүзеге асыруға толығымен дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *