Жазушылар одағының Ақтөбедегі жұмысына көңілі толмағандар Алматыдағы кеңсеге хат жазды

Бөлісіңіз

Қазақстан Жазушылар Одағының Ақтөбедегі филиалының жұмысы көңілінен шықпаған зиялы қауым өкілдері одақтың бас кеңсесіне хат жолдаған, деп хабарлайды «Тілші». Алайда, хаттың жеткен-жетпегені белгісіз.

Дегенмен, Ақтөбедегі әдебиетке жақын адамдар Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жас ақын-жазушылардың шығармашылығына жасалып жатқан қолдауға қызығып қарайтындарын айтады.

«Біздің Ақтөбеде ондай шаралар өтіп жатқан жоқ. Әсіресе, жас ақын-жазушыларға одақ филиалы тарапынан қолдау сезілмейді», — дейді «Тілшіге» аты-жөнін атамауды өтінген оқырмандардың бірі.

Бұл ретте, одақтың Ақтөбедегі филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанның пікірін білмек болдық. Онымен филиал төрағасы әзірге телефон тұтқасын көтермеді.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Абай атындағы Опера және балет тетарында өтіп жатқан Қазақстан Жазушыларының 15-ші құрылтайында жаңа төраға сайланды. Жазушылар одағы мүшелерінен іріктеліп алынған 150 жазушы дауыс берді.

«Қазақпараттың» хабарлауынша, мінбеден сөз сөйлеген ақын-жазушылар Ұлықбек Есдәулеттің ұйымдастырушылық қабілетіне тоқталып, оның кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.

фото: kaz.altaynews.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *