Ақтөбеде волейболды ерекше жақсы көретін емхана басшысы қарамағындағыларды спорт алаңына алып шықты

Бөлісіңіз

Ақтөбеде ашылғанына 5 жыл болған «Дару» емханасы атаулы датаны ерекше атап өтті, деп хабарлайды «Тілші». Волейболды жаны сүйетін емхана басшысы Ғалымжан Елеуов спорттың осы түрінен аймақтық жарыс өткізді.

«Ерлер арасында волейболдан ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбедегі кәсіпорындар мен көрші облыстардың ойыншылары келді. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан өзге Ақтөбе облысының аудандарынан да командалар қатысуға ниет білдірді», — дейді «Дару» емханасының жетекшісі Ғалымжан Елеуов.

Емхана қызметкерлерінің айтуынша, басшы волейболды ерекше жақсы көреді екен.

«Рас, мен облыстық волейбол федерациясының вице-прездиентімін. Меніңше, облыс тұрғындары арасында спорттың осы түрін насихаттау керек. Емхананың 5 жылдығына орай алғаш рет волейболдан жарыс өткізу керек деп шештік. Оған барлығы 10 команда қатысуға ниет білдірді», — дейді ол.

Айта кетейік, екі күнге созылған жарыста Ақтөбе ферроқорытпа зауыты үшінші орынды иеленсе, «Дару» емханасының ұжымы екінші орынға ие болды. Оралдан келген «Жайық» командасы топ жарды.

  

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *