Құдайберген Жұбановтың немересі атасының атымен аталатын университеттегі былыққа көз жұма қарай алмайтынын жеткізді

Бөлісіңіз

Құдайберген Жұбановтың туған немересі Ардақ Есетқызы университеттегі кейбір жайтқа көз жұма қарай алмайтынын жеткізді. «Тілшіге» хабарласқан ол облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына хат жазатынын жеткізді.

Университет басшылығының қабылдауына былтырдан бері кіре алмай жүргенін айтқан Ардақ Есетқызы жеке басқа қатысты емес, университеттегі кейбір келеңсіздіктер туралы мәселе көтергісі келген.

«Әсіресе, Жұбановтану ғылыми орталығы төңірегінде түсініспеушіліктер болып жатыр. Соны ректорға дұрыстап түсіндіргім келеді. Мені көмекшісі маңына жолатқысы келмейді. Жеке бастың мәселесі болса бірсәрі. Мен ғылымға қатысты мәселе көтеремін ғой. Өкінішке қарай, атамның атымен аталса да, университетегі жайтқа пікірімді айта алмайтын халге жеткен сияқтымын», — дейді Ардақ Жұбанова «Тілшіге» берген сұхбатында.

Университеттің баспасөз қызметкері Гүлнар Қараша бұл жайттан хабарсыз екенін жеткізді. Бүгін жауап беруге уақыты болмайтынын айтқан ол сәлден соң қайта хабарласып, мән-жайды түсіндіруге тырысты.

«Университет ректоры қалада болмай қалды. Осы бейсенбіде Ардақ Есетқызын қабылдайтын болады. Екеуара сөйлеседі», — деді Гүлнар Қараша «Тілшіге».

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

2 thoughts on “Құдайберген Жұбановтың немересі атасының атымен аталатын университеттегі былыққа көз жұма қарай алмайтынын жеткізді

  1. «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығы-қазіргі таңда заман талабына сай жабдықталып, ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. Орталықта көптенен ғылыми-танымдық шаралар мен конференциялар ұйымдастырылып келеді. Күз айында «Жұбанов тағылымы» халықаралық ғылыми конференциясы, студенттер арасында «Жас Жұбановтанушы» ғылыми байқауы жрғарғы деңгейде өткізілді. Мен осы байқаудың жүлдегерлері қатарынан көріндім. Орталықтың ғылыми іс-шаралар мен жас ғалымдарды тəрбиелеуде рөлі зор.

  2. Мен Жұбановтану орталығында өткен бірнеше шараға қатыстым.Ондағы соңғы теxнологияға сай негізделіп жасалған виртуальды мұражаймен,ғылыми әдебиеттермен таныстым.Текті әулет — Жұбановтар туралы көптеген мәлімет жинақтадым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *